КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС – қазақстандық жоғары сапалы химиялық өнім өндірушісі. Компания түйіршіктелген полипропилен және МТБЭ, эпоксидті компаунд, БЖК (биг-бэгтер), полипропиленді қаптар және екінші реттік полипропилен шығарады. Өндіріске қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға көмектесетін технологиялар енгізілген. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС өз өнімін Қазақстанның ішкі нарығына және экспортқа шығарады.
Зауытта химиялық өнімдерді шығару бойынша құрылғылар ҚХР, Австрия, Германия және Ресейдің компанияларымен серіктестікте пайдалануға берілген. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің өндірістік жобалық қуаттылығы:
·Полипропилен — жылына 70 мың тонна
·МТБЭ — жылына 20 мың тонна
·Полипропилен қаптар — жылына 52 млн дана
·БЖК (биг-бэгтер) — жылына 2 млн дана
·Эпоксидті компаунд — жылына 10 мың тонна.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС өнімі Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарына сәйкес сертификатталған.
Компанияда өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға үлкен көңіл бөлінеді. 2014 жылдан бері полипропилен және полиэтиленнің өзіндік қалдықтарын жою мақсатында «Компания Нефтехим LTD» ЖШС полимерлі қалдықтарды екінші реттік полипропилен өндіру үшін қайта өңдейді.

МИССИЯ

Біз сіздің өміріңіздің жайлы болуы үшін химиялық технологияларды дамытамыз.
Адалдық және іскерлік әдеп қағидаларын сақтау. Іскерлік қарым-қатынастың барлық сферасында жоғары әдеп нормаларын қатаң сақтау. Коммерциялық қызметті айқын жүргізу тәжірибесі. Өз сөзі мен ісіне жауапкершілік.
Сыйластық. Идеялары, мүмкіндіктері және тәжірибесі әртүрлі адамдардың белсенді қатысуына жағдай жасайтын баршаға ашық жұмыс ортасы. Әрбір тұлғаның бірегейлігі мен көзқарасының әртүрлілігіне сыйластықпен қарау.
Жоғары көрсеткіштер және өнім сапасы. Өз қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ тұрақты түрде жетіліп-дамуға ұмтылыс. Өнімді аса жоғары кәсіби стандарттарға сәйкес өндіру.
Қауіпсіздік. Жұмысшылар, тапсырыс берушілер, жеткізушілер және келушілер үшін өндірістік еңбек жағдайларын қамтамасыз ету кезіндегі негізгі басымдық.
Серіктестік. Іскери серіктестермен, мемлекеттік органдармен, оқу орындарымен және өзге де мүдделі тараптармен жемісті әріптестікке және өзара сенімге ұмтылыс.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

КОМПАНИЯ БАСШЫЛЫҒЫ

Ыдырысова Ләззат Ғазизқызы

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС атқарушы директоры

ТАРИХЫ

2024 «Торайғыров университет» КАҚ базасында «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы жалпы орта мектеп, «Павлодар технологиялық колледжі», «Торайғыров университет» КАҚ арасында өзара әріптестік, оқушыларды, колледж және ЖОО студенттерін қолдау негізінде тараптардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру үшін төртжақты Меморандумға қол қойылды.
2023 «Эпоксидті компаунд» химиялық өнімін тіркеу туралы Куәлік алынды. Өндіріс қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайды.
2021 МТБЭ күкірттазалау блогын іске қосу.
Сынақ зертханасы МемСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестікке аккредитациядан сәтті өтті. Сапа менеджменті жүйесінің СТ ҚР ИСО 9001:2016 (ISO 9001:2015) (Қазақстан стандартының ИСО) талаптарына сәйкестігіне және Сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігіне қайта сертификаттау және халықаралық IAF сертификатын алу шаралары жүргізілді.
2020 Пропиленді концентрациялау құрылғысын (ПКҚ) жаңғырту, құрылғының өнімділігін сағатына 10 тоннаға дейін арттыру жүзеге асырылды.
2019 Қуаттылығы жылына 2 млн дана БЖК полимерлі бұйымдарының (биг-бегтер) өндірісі жолға қойылды.
Зауыттық зерттеу зертханасы МемСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестікке қайта аккредитациядан сәтті өтті.
2015 Жобалық қуаттылығын жылына 70 000 тоннаға дейін арттыру үшін полипропилен өндіру құрылғысын (ПӨК) жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2014 Leistritz неміс компаниясымен бірге полипропиленді түйіршіктеу құрылғысы пайдалануға берілді.
2013 Австриялық Starlinger компаниясымен бірге полипропиленді қаптар өндірісі құрылды және пайдалануға берілді.
«Алтын Сапа» республикалық байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаз болды.
2012 СМЖ жүйесінің СТ ҚР ИСО 9001:2009 және ISO 9001:2008 талаптарына сәйкестігін растау үшін инспекциялық аудиттен сәтті өтіп, австралиялық TQCSI сертификаттау органының халықаралық сертификаты алынды.
2010 Жобалық қуаттылыққа мерзімнен бұрын шығу: МТБЭ – жылына 20 мың тонна; полипропилен – жылына 30 мың тонна.
2009 МТБЭ және ұнтақ полипропилен өндіру бойынша зауытты пайдалануға беру.
2006 Xinjiang Sanbao (ҚХР) компаниясымен бірлескен зауыт құрылысының басталуы.
2005 Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) мұнай газдарын қайта өңдеу және метил-трет-бутилді эфир (МТБЭ) мен полипропилен алу бойынша зауыт салу үшін «Компания Нефтехим LTD» ЖШС кәсіпорны құрылды.
БІЗДІҢ МАРАПАТТАР
2023 жыл
«Сапа Жұлдызы» Тауар және қызметтер сапасының ұлттық рейтингі
«Қазақстанның үздік кәсіпорны - 2022» құрмет белгісі
2022 жыл
«Сапа көшбасшысы» сыйлығы
2013 жыл
«Алтын сапа» сыйлығы, «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы
«Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқау-көрмесінде 1-орын
2012 жыл
«Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқау-көрмесінде 3-орын
«Парыз 2012» байқауының «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында Қола «Парыз» сыйлығы
ЖАҢАЛЫҚТАР