СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ

2016 жылдан бері «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нде Сынақ зертханасы өз қызметін жүзеге асырады.
2021 жылы зертхана МемСТ ISO/IEC 17025- 2019 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына қайтара аккредиттеу кезінде Ұлттық Аккредитация Орталығы тарапынан өз құзыреттілігін растады.
Сынақ зертханасының аккредитациясы оның техникалық құзыреттілігіне, қолданыстағы менеджмент жүйесінің барына, қызметкерлері мен жоғары дәлдікті қондырғыларының тиісті біліктілігіне куәлік етеді.
Сынақ зертханасы Компанияда қысымды өлшеу құралдарына және жылуфизикалық, температуралық өлшемдерге сынақ жүргізеді, бұл технологиялық процестің параметрлерін өлшеу нәтижелеріне және дайын өнімнің сапасына сенімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сынақ зертханасының қызметкерлері Сынақ жүргізудің, жоғары дәлдікті өлшеудің заманауи тәсілдерін енгізу және оларды тұрақты жақсарту үшін өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету саласында өз біліктіліктерін тұрақты түрде арттырады.