ЭПОКСИДТІ КОМПАУНД

Сипаттама

ЭПОКСИДТІ КОМПАУНД

2023 жылдан бері «Компания Нефтехим LTD» ЖШС стеклоровингті «ылғалды» орау тәсілімен алынатын, полимеризациялы қоспамен қанықтырылған, кейін пеште термоөңдеуден өткен шыны-пластикалық құбырлар өндірісі кезінде байланыстырушы ретінде қолдануға арналған «Эпоксидті компаунд» химиялық өнімін шығарады. Шыны-пластикалық бұйымдар агрессивті ортамен, ыстық сумен, мұнаймен, түрлі концентрациялы сілтілермен, тұз бен қышқылдардың ыстық ерітінділерімен байланыста қолданылады, сондай-ақ олар ыстық және суық шаруашылық-ауыз сумен қамту, кәріз жүйесі, мелиорация, коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйелерінде пайдаланылады. Компаундты, сондай-ақ электротехникалық, радиоэлектроникалық өнеркәсіп, авиа, кеме және машина құрастыру, құрылыста арматуралы пластмассаларға арналған байланыстырушы желім, герметик түрінде қолданады.

Эпоксидті компаунд сипаттамасы
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС Эпоксидті компаундты СТ ЖШС 40486314-017-2023 сәйкес өндіреді, ол модификацияланған эпоксидті шайыр (А құрамдас бөлігі) және аминді қатайтқыш (Б құрамдас бөлігі) түрінде болады:
- марка ЕСН-1;
- марка ЕСН-2.
«А» құрамдас бөлігін көлемі 220 (екі жүз жиырма) кг болатын болат бөшкелерге құяды.
«Б» құрамдас бөлігін масса нетто – 20 кг болат шелектерге немесе масса нетто – 220 (екі жүз жиырма) кг болат бөшкелерге құяды.

Бөшкелер мен шелектер берік жабылады және поддондарға орнатылады.
Өтінім қалдырыңыз
Деректерді толтырғаннан кейін біз сізбен жақын арада хабарласамыз
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласаңыз:
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Химкомбинат көшесі, 4
Өткізу бөлімінің бастығы:
Алия Бакитовна Шуакпаева
+7 (7182) 611088 ішкі 0918
market@nephtechim.kz