ТАРИХЫ
2024 «Торайғыров университет» КАҚ базасында «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы жалпы орта мектеп, «Павлодар технологиялық колледжі», «Торайғыров университет» КАҚ арасында өзара әріптестік, оқушыларды, колледж және ЖОО студенттерін қолдау негізінде тараптардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру үшін төртжақты Меморандумға қол қойылды.
2023 «Эпоксидті компаунд» химиялық өнімін тіркеу туралы Куәлік алынды. Өндіріс қуаттылығы жылына 10 мың тоннаны құрайды.
2021 МТБЭ күкірттазалау блогын іске қосу.
Сынақ зертханасы МемСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестікке аккредитациядан сәтті өтті. Сапа менеджменті жүйесінің СТ ҚР ИСО 9001:2016 (ISO 9001:2015) (Қазақстан стандартының ИСО) талаптарына сәйкестігіне және Сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігіне қайта сертификаттау және халықаралық IAF сертификатын алу шаралары жүргізілді.
2020 Пропиленді концентрациялау құрылғысын (ПКҚ) жаңғырту, құрылғының өнімділігін сағатына 10 тоннаға дейін арттыру жүзеге асырылды.
2019 Қуаттылығы жылына 2 млн дана БЖК полимерлі бұйымдарының (биг-бегтер) өндірісі жолға қойылды.
Зауыттық зерттеу зертханасы МемСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестікке қайта аккредитациядан сәтті өтті.