ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС әлеуметтік серіктестік жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады.
Дуальды білім беру
2014 жылдан бері «Павлодар химия-механикалық колледжі» ШЖҚ МКК, «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК сынды колледждермен бірге дуальды білім беру формасы енгізілді. 2022 жылы «Павлодар политехникалық жоғарғы колледжі» ЖШС-мен дуальды оқыту туралы келісімшарт жасалды, оның аясында практикалық және теориялық сабақтардың 60%-ы өндірісте, 40%-ы колледжде өткізіледі. Дуальды оқыту жүйесін құру үшін оқу бағдарламалары қайта қаралып, теориялық және практикалық оқу сағаттары бойынша өзгерістер енгізілді, арнаулы киім мен жеке қорғаныс заттары сатып алынды. Студенттердің бәріне тәжірибелі тәлімгерлер бекітілді.
2022 жылдан бері дуальды оқыту жобасына «Торайғыров университет» 6В07108 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6В07204 «Мұнай-газ ісі», 6В07102 «Машина құрастыру», 6B07106 «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша қатысады. «Бірлескен қызмет туралы» келісімшарт аясында 2024 жылы «Торайғыров университет» КАҚ, «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК, «С. Торайғыров атындағы ОЖМ» (№28) КММ-мен кәсіпорында кафедра филиалын құру туралы» төртжақты Меморандумға қол қойылды. Бұл жоба оқу процесін шынайы өндіріске барынша жақындату, ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, білім алушыларды тарта отырып бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ПОҚ және ұйым жұмысшыларының біліктілігін арттыру негізінде жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС мамандары өңірдің жетекші ЖОО және колледждері түлектерінің диплом жобаларын қорғау бойынша мемлекеттік комиссияларына қатысады.
Оқу орындарына демеушілік көмек
Әріптестік құрған жылдар ішінде «Компания Нефтехим LTD» ЖШС оқу орындарына полипропиленді қайта өңдеу бойынша оқу зертханаларын құру үшін демеушілік көмек көрсетті.
Білім алушыларға арналған экскурсиялар
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС колледждің 1-2 курс студенттеріне және компанияның қамқорлығындағы мектептің оқушыларына таңдаған мамандығы бойынша алған жалпы теориялық білімін бекіту, сондай-ақ кәсіпорынмен таныстыру мақсатында жыл сайын экскурсиялар өткізеді.