МЕТИЛ-ТРЕТ-БУТИЛ ЭФИРІ (МТБЭ)

Сипаттама

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС МТБЭ-ні СТ ҚР 2533-2021 «Эфир-метил-трет-бутилді (МТБЭ) қоспалар. Техникалық шарттар» Қазақстан Республикасы Ұлттық стандартына сәйкес өндіреді.
Метил-трет-бутилді эфир (МТБЭ) — қарапайым эфирлер класына жататын химиялық зат. МТБЭ этилденбеген, экологиялық таза автомобиль бензинін алу кезінде құрамында оттегі бар жоғары октанды құрамдас бөлік ретінде қолданылады. Октан санының жоғары мәндеріне ие – зерттеу бойынша 115-135 және моторлы тәсіл бойынша 98-100, бензинде жақсы ериді, улы емес.
Бензин мен МТБЭ отын қоспасы келесі қасиеттерге ие:

  • отынның антидетонациялық төзімділігі мен тұрақтылығы артады;
  • қозғалтқышты іске қосу температурасы төмендейді;
  • істен шыққан газдардың уыттылығы төмендейді;
  • қозғалтқыш бөлшектерінің тозу, күйе қалыптасу қарқыны төмендейді;
  • отын шығыны қысқарады.
Өтінім қалдырыңыз
Деректерді толтырғаннан кейін біз сізбен жақын арада хабарласамыз
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласаңыз:
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Химкомбинат көшесі, 4
Өткізу бөлімінің бастығы:
Алия Бакитовна Шуакпаева
+7 (7182) 611088 ішкі 0918
market@nephtechim.kz