ӨНІМ КАТАЛОГЫ

полипропилен

Қазіргі уақытта компания келесі сорттардың полипропиленін шығарады: RRN030, RRN250, RRN350, RRN450
Полипропилен (PP) — пропиленнің (пропеннің) термопластикалық полимері. Полипропилен — әлемдегі танымал полимерлердің бірі: бірегей қасиеттерінің үйлесімі арқасында құрылыс пен машина құрастырудан бастап, тамақ өнеркәсібі мен медицинаға дейінгі әртүрлі салаларда қолданылады.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС полипропиленді СТ ҚР 3191-2018 «Түйіршіктелген полипропилен. Техникалық шарттар» Қазақстан Республикасы Ұлттық стандарты бойынша өндіреді:

- РРН030 (ПТР 2,5-3,5 г/10 мин);
- РРН250 (ПТР 20-30 г/10 мин);
- РРН350 (ПТР 31-42 г/10 мин);
- РРН450 (ПТР 43-53 г/10 мин).

Полипропиленнің қалған басқа маркалары тапсырыс бойынша стандартқа сәйкес өндірілуі мүмкін.
Полипропилен AD*STAR технологиясы (корапша типті клапанды қаптар) бойынша әзірленген өзіндік өндіріс қаптарына салмағы 25 кг болып қапталады. Поддонсыз паллеттеу технологиясы бойынша қаптау желісінде қаптардан жалпы салмағы 975 кг (39 дана * 25 кг) болатын паллет қалыптасады
(8 қатар: 1 қатар негізі – 4 қап, 7 қатар – 5 қап).
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласаңыз:
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Химкомбинат көшесі, 4
Өткізу бөлімінің бастығы:
Алия Бакитовна Шуакпаева
+7 (7182) 611088 ішкі 0918
market@nephtechim.kz

Метил-трет-бутилді эфир (МТБЭ)

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС МТБЭ-ні СТ ҚР 2533-2021 «Эфир-метил-трет-бутилді (МТБЭ) қоспалар. Техникалық шарттар» Қазақстан Республикасы Ұлттық стандартына сәйкес өндіреді.
Метил-трет-бутилді эфир (МТБЭ) — қарапайым эфирлер класына жататын химиялық зат. МТБЭ этилденбеген, экологиялық таза автомобиль бензинін алу кезінде құрамында оттегі бар жоғары октанды құрамдас бөлік ретінде қолданылады. Октан санының жоғары мәндеріне ие – зерттеу бойынша 115-135 және моторлы тәсіл бойынша 98-100, бензинде жақсы ериді, улы емес.
Бензин мен МТБЭ отын қоспасы келесі қасиеттерге ие:

  • отынның антидетонациялық төзімділігі мен тұрақтылығы артады;
  • қозғалтқышты іске қосу температурасы төмендейді;
  • істен шыққан газдардың уыттылығы төмендейді;
  • қозғалтқыш бөлшектерінің тозу, күйе қалыптасу қарқыны төмендейді;
  • отын шығыны қысқарады.
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласаңыз:
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Химкомбинат көшесі, 4
Өткізу бөлімінің бастығы:
Алия Бакитовна Шуакпаева
+7 (7182) 611088 ішкі 0918
market@nephtechim.kz

ПОЛИПРОПИЛЕН ҚАПТАР

Ad*Star технологиясы бойынша әзірленген қорапша типті клапанды қаптар тамақ өнімдеріне және техникалық өнімдерге арналған қаптар болып және типтері бойынша бөлінеді:
тип III клапанды қорапшалы;
тип IV түбі тік бұрышты, жоғарғы жағы ашық және қолмен ұстауға арналған бөлігі бар.
тип V түбі тік бұрышты және жоғарғы жағы ашық
Полипропилен (ПП) қаптар – берік мата болып тоқылған полипропиленді стандартты жіптерден әзірленген өнеркәсіптік қаптама. Қаптар жоғары беріктік және химиялық бейтараптық қасиеттерге ие: түрлі сусымалы материалдардың ауыр салмағын көтереді. Пайдалану қасиеттері бойынша қағаз және кендір қаптардан басымдыққа ие. Полипропилен қаптар түрлі температура жағдайларында өзінің беріктік қасиеттерін сақтап, түрлі мақсаттағы материалдар: тамақ өнімдері, құрама жемдер, химиялық сусыма материалдар, тыңайтқыштар, құрылысқа арналған сусыма материалдар және тағы басқалар үшін химиялық бейтарап қаптама болып табылады.

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС полипропилен қаптарының артықшылықтары:
Қаптар түрлі қалыңдықтағы және түрлі сипаттамадағы тоқылған полипропилен маталардан әзірленеді:
·ламинатталған/ламинатталмаған;
·микроперфорациялы/микроперфорациясыз;
·түрлі қоспалардың болуы: уф – тұрақтандырғыш, толтырғыш, бояғыш;
·6 түске дейінгі логотипті салу мүмкіндігі.

Полипропилен қаптардың типтері
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС «жастық» типті стандартты тігілген қаптарды МемСТ 32522-2013 «Тоқылған полипропилен қаптар. Техникалық шарттар» стандартының талаптарына сәйкес және Ad*Star технологиясы бойынша қорапша типті клапанды қаптарды СТ ҚР 3050-2017 «Клапанды қорапшалы полипропиленді қаптар» және СТ ЖШС 40486314-016-2024 «Қорапшалы полипропилен қаптар. Техникалық шарттар» стандарттарының талаптарына сәйкес өндіреді.

Стандартты тігілетін қаптар мақсаты бойынша тамақ өнімдеріне және техникалық өнімдерге арналған қаптар болып және типтері бойынша бөлінеді:
тип I – жоғарғы жағы ашық және түбі тігілген

Ad*Star технологиясы бойынша әзірленген қорапша типті клапанды қаптар тамақ өнімдеріне және техникалық өнімдерге арналған қаптар болып және типтері бойынша бөлінеді:
тип III клапанды қорапшалы;
тип IV түбі тік бұрышты, жоғарғы жағы ашық және қолмен ұстауға арналған бөлігі бар.
тип V түбі тік бұрышты және жоғарғы жағы ашық
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату бөлімі:
+7 (7182) 61-10-88 немесе +77010346327
a.khabdullin@nephtechim.kz
a.zhantemirov@nephtechim.kz
a.nurkina@nephtechim.kz

БІРЖОЛҒЫ ЖҰМСАҚ КОНТЕЙНЕР (БЖК, Биг-бэг)

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС БЖК артықшылықтары
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС тоқыма материалдарынан тамақ емес өнімдерге арналған жоғары сапалы БЖК өндіреді, олар келесі сипаттамаларға ие:
  • механикалық беріктік және иілу мен қажалуға төзімділік;
  • бу мен газдың төмен өтімділігі;
  • экологиялығы;
  • температураға тұрақтылығы -70-тен +100°С-қа дейін;
Біржолғы жұмсақ контейнер (БЖК, Биг-бэг) – көп мөлшердегі шикізат пен сусымалы материалдарды өнеркәсіптік сақтауға, қоймалауға және тасымалдауға арналған берік, қарапайым және қолдануға ыңғайлы, үнемді әрі танымал қаптама түрі. БЖК жоғары беріктік және жүк көтерімділік (1200 кг - 1500 кг) қасиетке ие. Контейнерлер құрылымы бойынша полипропиленді матадан әзірленген және арнаулы жүк көтеру элементтері бар үлкен берік қап болып табылады.

БЖК типтері
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС БЖК контейнерлерін СТ ЖШС 40486314-007-2024 «Жұмсақ контейнерлер. Техникалық шарттар» стандартының талаптарына сәйкес жүктеу жағдайларына қарай өндіреді:
·біртөбелі, екітөбелі, төрттөбелі;
·іспекті/іспексіз
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату бөлімі:
(7182) 61-10-88 немесе +77010346327
a.khabdullin@nephtechim.kz
a.zhantemirov@nephtechim.kz
a.nurkina@nephtechim.kz

ЭПОКСИДТІ КОМПАУНД

ЭПОКСИДТІ КОМПАУНД

2023 жылдан бері «Компания Нефтехим LTD» ЖШС стеклоровингті «ылғалды» орау тәсілімен алынатын, полимеризациялы қоспамен қанықтырылған, кейін пеште термоөңдеуден өткен шыны-пластикалық құбырлар өндірісі кезінде байланыстырушы ретінде қолдануға арналған «Эпоксидті компаунд» химиялық өнімін шығарады. Шыны-пластикалық бұйымдар агрессивті ортамен, ыстық сумен, мұнаймен, түрлі концентрациялы сілтілермен, тұз бен қышқылдардың ыстық ерітінділерімен байланыста қолданылады, сондай-ақ олар ыстық және суық шаруашылық-ауыз сумен қамту, кәріз жүйесі, мелиорация, коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйелерінде пайдаланылады. Компаундты, сондай-ақ электротехникалық, радиоэлектроникалық өнеркәсіп, авиа, кеме және машина құрастыру, құрылыста арматуралы пластмассаларға арналған байланыстырушы желім, герметик түрінде қолданады.

Эпоксидті компаунд сипаттамасы
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС Эпоксидті компаундты СТ ЖШС 40486314-017-2023 сәйкес өндіреді, ол модификацияланған эпоксидті шайыр (А құрамдас бөлігі) және аминді қатайтқыш (Б құрамдас бөлігі) түрінде болады:
- марка ЕСН-1;
- марка ЕСН-2.
«А» құрамдас бөлігін көлемі 220 (екі жүз жиырма) кг болатын болат бөшкелерге құяды.
«Б» құрамдас бөлігін масса нетто – 20 кг болат шелектерге немесе масса нетто – 220 (екі жүз жиырма) кг болат бөшкелерге құяды.

Бөшкелер мен шелектер берік жабылады және поддондарға орнатылады.
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласаңыз:
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Химкомбинат көшесі, 4
Өткізу бөлімінің бастығы:
Алия Бакитовна Шуакпаева
+7 (7182) 611088 ішкі 0918
market@nephtechim.kz

ЕКІНШІ РЕТТІК ПОЛИПРОПИЛЕН, ҚҰЙМА, СМЕТ, АГЛОМЕРАТ

ЕКІНШІ РЕТТІК ПОЛИПРОПИЛЕН, ҚҰЙМА, СМЕТ, АГЛОМЕРАТ

Полипропиленнің екінші реттік түйіршігі – пластмассаның тозуға төзімді және антикоррозиялық, бірақ барынша қалың түрлерінің бірі. Түйіршіктерден ыдыстар, канистрлер, сондай-ақ тұрмыстық тауарлар мен полипропиленді талшықтар әзірленеді.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС екінші реттік полипропиленді өзіндік полимер өндірісінің қалдықтарынан шығарады, бұл өнімді екінші қайтара өңдеудің экологиялық тәсілі болып табылады.

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС кондициялық емес өнімдерінің түрлері:
  • Аралас маркалы түйіршіктелген полипропилен;
  • Аралас формалы түйіршіктелген полипропилен (құйма);
  • Аралас формалы түйіршіктелген полипропилен (смет);
  • Аралас формалы түйіршіктелген полипропилен (агломерат);
  • Аралас маркалы ұнтақ полипропилен;
Әріптестік құруға қуаныштымыз!
Сату мәселелері жөнінде мына мекенжай бойынша хабарласаңыз:
Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Химкомбинат көшесі, 4
Өткізу бөлімінің бастығы:
Алия Бакитовна Шуакпаева
+7 (7182) 611088 ішкі 0918
market@nephtechim.kz

Зауыттық зерттеу зертханасы (ззз)

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС Зауыттық зерттеу зертханасы (ЗЗЗ) технологиялық процестер мен тауарлық өнім сапасына талдамалы бақылау жүргізеді. ЗЗЗ МемСТ 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханасының құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестікке аккредиттелген.
Аккредиттелген зертханасының болуы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС шығаратын өнімнің сәйкестігін растау (сертификаттау және декларациялау) кезінде сынақ жүргізуге мүмкіндік береді.

ЗЗЗ құрамдас бөлшектер мен көрсеткіштерді өлшеуге арналған бірегей қондырғылармен жабдықталған:

ЗЗЗ құрамына үш зертхана кіреді:
  • Түйіршіктелген полипропилен зертханасының секторы
  • Полимерлі бұйымдар зертханасының секторы
  • Эпоксидті компаунд зертханасының секторы
Түйіршіктелген полипропилен зертханасының секторы келесі қондырғылармен жабдықталған:
Полимерлі бұйымдар зертханасының секторы келесі қондырғылармен жабдықталған:
Эпоксидті шайырларды компаундтау зертханасының секторы келесі қондырғылармен жабдықталған:

СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ

2016 жылдан бері «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нде Сынақ зертханасы өз қызметін жүзеге асырады.
2021 жылы зертхана МемСТ ISO/IEC 17025- 2019 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына қайтара аккредиттеу кезінде Ұлттық Аккредитация Орталығы тарапынан өз құзыреттілігін растады.
Сынақ зертханасының аккредитациясы оның техникалық құзыреттілігіне, қолданыстағы менеджмент жүйесінің барына, қызметкерлері мен жоғары дәлдікті қондырғыларының тиісті біліктілігіне куәлік етеді.
Сынақ зертханасы Компанияда қысымды өлшеу құралдарына және жылуфизикалық, температуралық өлшемдерге сынақ жүргізеді, бұл технологиялық процестің параметрлерін өлшеу нәтижелеріне және дайын өнімнің сапасына сенімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сынақ зертханасының қызметкерлері Сынақ жүргізудің, жоғары дәлдікті өлшеудің заманауи тәсілдерін енгізу және оларды тұрақты жақсарту үшін өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету саласында өз біліктіліктерін тұрақты түрде арттырады.