«Компания Нефтехим LTD» ЖШС Зауыттық зерттеу зертханасы (ЗЗЗ) технологиялық процестер мен тауарлық өнім сапасына талдамалы бақылау жүргізеді. ЗЗЗ МемСТ 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханасының құзыреттілігіне жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкестікке аккредиттелген. Аккредиттелген зертханасының болуы «Компания Нефтехим LTD» ЖШС шығаратын өнімнің сәйкестігін растау (сертификаттау және декларациялау) кезінде сынақ жүргізуге мүмкіндік береді.
ЗЗЗ құрамдас бөлшектер мен көрсеткіштерді өлшеуге арналған бірегей қондырғылармен жабдықталған:
1;Хроматэк -кристалл 5000;Газды ортада, сұйық және қатты заттар мен материалдардың құрамдас бөлшектерін дәл өлшеуге арналған.
2;Спектрофотометр СФ2000 ;Мұнай және мұнай өнімдеріндегі күкірттің салмақ үлесін анықтауға арналған.
3;Кулонометрикалық титратор S-30;Сұйық фазадағы өнімдер мен материалдардың кең спектріндегі ылғал мөлшерін дәл және жылдам анықтауға арналған.
ЗЗЗ құрамына үш зертхана кіреді:
Түйіршіктелген полипропилен зертханасының секторы
Полимерлі бұйымдар зертханасының секторы
Эпоксидті компаунд зертханасының секторы
Түйіршіктелген полипропилен зертханасының секторы келесі қондырғылармен жабдықталған:
Zwick пластометрі;Балқытпаның аққыштығының көрсеткішін өлшеуге арналған. БАК – берілген сынақ жағдайларында стандартты фильера арқылы белгілі бір уақытта экструдицияланған материалдың салмағы ретінде анықталады және гр/10мин өлшем бірлігімен өлшенеді
5kN zwicki сынаққа арналған машинасы;Қалыпты күш өлшемінің мәнінде түрлі материалдардың созылуына немесе иілуіне сынақ жүргізуге арналған
Vicat BVI-4300STD;Жылулық деформация, жұмсару температурасын анықтауға арналған. Қысым астында майысу және жұмсаруды анықтау
HIT 50P типті маятникті копр;Соққы тұтқырлығын анықтауға арналған
Полимерлі бұйымдар зертханасының секторы келесі қондырғылармен жабдықталған:
Y219B автоматты мотовилосы;Деньені анықтауға арналған. Оның көмегімен белгілі бір ұзындықтағы шумақ жіп қалыптасады
МК III терможиырмаға арналған пеші;Белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір кернеу астында ауа-жылу ортасында жіптердің қалдық жиырылуын анықтауға қажет
5kN ProLine сынақ машинасы, Zwick/Roell фирмасы;Үзілу қысымын, жартылай өнімдердің және дайын өнімдердің ұзаруын, беріктігін анықтау үшін қажет
Эпоксидті шайырларды компаундтау зертханасының секторы келесі қондырғылармен жабдықталған:
«Т5 Excellence» титраторы;Эпоксидті топтардың салмақ үлесін анықтауға арналған.
Geltimer Gelnorm;Құрамдас бөліктердің түрлі қатынасы және әртүрлі температура жағдайында гельдің қалыптасу уақытын анықтауға арналған.
ViscoQC 300;Түрлі сұйықтықтардың динамикалық тұтқырлық деңгейін анықтау, сұйықтықтардың қасиетін өлшеу үшін арналған.
ТМА термомеханикалық анализаторы;Жылулық, сондай-ақ механикалық қасиеттерді өлшеуге арналған. Желілік жылулық кеңеюді және жылулық кеңеюдің коэффициентін анықтайды.