Полипропилен (PP) — пропиленнің (пропеннің) термопластикалық полимері. Полипропилен — әлемдегі танымал полимерлердің бірі: бірегей қасиеттерінің үйлесімі арқасында құрылыс пен машина құрастырудан бастап, тамақ өнеркәсібі мен медицинаға дейінгі әртүрлі салаларда қолданылады.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС полипропиленді СТ ҚР 3191-2018 «Түйіршіктелген полипропилен. Техникалық шарттар» Қазақстан Республикасы Ұлттық стандарты бойынша өндіреді:
- РРН030 (ПТР 2,5-3,5 г/10 мин);
- РРН250 (ПТР 20-30 г/10 мин);
- РРН350 (ПТР 31-42 г/10 мин);
- РРН450 (ПТР 43-53 г/10 мин).
Полипропиленнің қалған басқа маркалары тапсырыс бойынша стандартқа сәйкес өндірілуі мүмкін.
Полипропилен AD*STAR технологиясы (корапша типті клапанды қаптар) бойынша әзірленген өзіндік өндіріс қаптарына салмағы 25 кг болып қапталады. Поддонсыз паллеттеу технологиясы бойынша қаптау желісінде қаптардан жалпы салмағы 975 кг (39 дана * 25 кг) болатын паллет қалыптасады
(8 қатар: 1 қатар негізі – 4 қап, 7 қатар – 5 қап).