ТҰРАҚТЫ ДАМУ

КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС өз қызметін тұрақты дамудың жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Біз шығарылатын өнімдердің сапасына жауапкершілікті; бизнес жүргізу кезінде халық пен серіктестердің қажеттіліктерін есепке алуды; экологиялық қауіпсіз және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдануды; өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларына адал болуды; жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды мақсат етеміз.

Компанияның міндеттемелері:​
тұтынушыларға қатысты – барлық меншік формасындағы кәсіпорындарды жоғары сапалы органикалық химия өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету;
серіктестерге қатысты – міндеттемелерді мінсіз орындау, ұзақмерзімді және өзара тиімді әріптестік құру, барлық мәселелерді конструктивті диалог жолымен шешу;
қызметкерлерге қатысты – жұмыс орындарын беру және жұмыс персоналының біліктілігін арттыру, денсаулық қорғау және қауіпсіздік техникасына мұқият көңіл бөлу; ​
халыққа қатысты – бизнес жүргізу кезінде халықтың қажеттіліктерін есепке алу;
билік органдарына қатысты – мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысу, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу;​
қоршаған ортаны қорғауға қатысты – зиянды заттар шығарындыларын азайтуға көмектесетін жетекші өндірістік технологияларды қолдану, табиғи ресурстарға ұқыпты қарым-қатынасты насихаттау.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС негізгі басымдығы жұмысшылар, тапсырыс берушілер, жеткізушілер және келушілер үшін қауіпсіз өндірістік еңбек жағдайларын құру болып табылады. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саясатына Компанияның ҚжЕҚ саласында жұмысшылардың жоғары мәдени деңгейін қалыптастыру, компанияның әрбір жұмысшысының ҚжЕҚ талаптарын сақтауға дербес жауапкершілігін енгізу бойынша Компания міндеттемелері қосылған.

ҚжЕҚ

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК

Өнеркәсіптік қауіпсіздік «ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ӨҚКД» РММ және «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қауіпті өндірістік объектіндегі өндірістік бақылау бөлімінің мемлекеттік қадағалауы жолымен қамтамасыз етіледі. Өндірістік бақылау кәсіпорындағы адамдардың қауіпсіз қызметі мен техникалық жабдықтардың қауіпсіз жұмысының маңызды буыны болып табылады.
Өндірістік бақылау бөлімінің қызметкерлері қауіпті өндірістік факторлардың жұмысшыларға, төтенше жағдайдың таралу есептік аймағына жататын халыққа, қоршаған ортаға ықтимал зиянды тәуекелін барынша төмендету мақсатында өндірістік бақылауды жүзеге асырады. Бұл мақсатта «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нде ішкі бақылау шаралары жүргізіледі.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нде денсаулық қорғау мәселелерін басқару ҚжЕҚ саласындағы қазақстандық заңнама талаптарына және халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Компанияда тұрақты негізде еңбек жағдайларын жақсарту және өндірісте кәсіби аурулардың алдын алу бойынша шаралар кешені жүргізіледі.

ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУ

ЭКОЛОГИЯ

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС химиялық өндірістің күнделікті қызметінде қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін бәрін жасай отырып, тұрақты даму қағидаларын сақтауға көмектеседі. Компания ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істейді және экологиялық қызметтің барлық аспектілерін жақсарту үшін үлкен күш салады.
Экологиялық заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз ету және кәсіпорынның қоршаған ортаға қысымын төмендету мақсатында кәсіпорын жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады. 2023 жылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шығындар 25 млн теңгені құрады.

  • Шығарындылар
Компанияның маңызды қағидасы – экологиялық ықпал ету рұқсатнамасында көрсетілген эмиссия нормативтерін сақтау болып табылады. Табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру есебінен жыл сайын атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар шығарындылары азайып келеді. Атмосфералық ауаға мониторинг экологиялық ықпал етуге рұқсатнаманың бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

  • Қалдықтар
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нде 2023-2026 жылдарға арналған «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» әзірленген. Өндіріс және тұтынушылық қалдықтарын басқару және олармен жұмыс істеуді бақылаудың мақсаты – оларың қоршаған ортаға теріс ықпалын төмендету болып табылады. Полипропилен және полиэтиленнен болған өзіндік қалдықтарын жою мақсатында кәсіпорын аумағында полимер қалдықтарды екінші реттік қайта өңдеубойынша жабдық қарастырылған. Жыл сайын қайта өңделген қалдықтар көлемі артып, сол арқылы сыртқы ұйымдарға берілетін қалдықтар көлемі азайып келеді.

  • Өнімді тасымалдау
Қалдықтарды тасымалдау тасымалданатын қалдықтардың қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, мүліктерге зиянды ықпалын болдырмауды қамтамасыз ететін көлік транспортымен жүзеге асырылады.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-ндегі Біріктірілген менеджмент жүйесі – Компания қызметінің түрлі аспектілерін бір құрылымға біріктіретін басқару стратегиясы болып табылады. Ол сапаны, еңбекті қорғауды, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны және бизнестің басқа да аспектілерін басқаруды қамтиды.
ISO 9001 өнім немесе қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сапаны басқару жүйесіне қойылатын талаптарды айқындайды.
ISO 14001 Компанияға өз қызметінің экологиялық аспектілерін тиімді басқаруға мүмкіндік бере отырып, қоршаған ортаны басқару жүйесі үшін стандарттарды белгілейді.
ISO 45001 қызметкерлер үшін қызметтің қауіпсіз және салауатты жағдайларын қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды басқару жүйесіне талаптарды айқындайды.
БМЖ басты мақсаты – келесілердің есебінен Компанияның бизнес-процестерін кешенді басқаруды қамтамасыз ету және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру:
- өнімдер және қызметтер сапасын жақсарту;
- тәуекелдерді төмендету;
- шығындарды азайту;
- ресурстарды қолдануды оңтайландыру.

БІРІКТІРІЛГЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ (БМЖ)

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС әлеуметтік серіктестік жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады.

Дуальды білім беру

2014 жылдан бері «Павлодар химия-механикалық колледжі» ШЖҚ МКК, «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК сынды колледждермен бірге дуальды білім беру формасы енгізілді. 2022 жылы «Павлодар политехникалық жоғарғы колледжі» ЖШС-мен дуальды оқыту туралы келісімшарт жасалды, оның аясында практикалық және теориялық сабақтардың 60%-ы өндірісте, 40%-ы колледжде өткізіледі. Дуальды оқыту жүйесін құру үшін оқу бағдарламалары қайта қаралып, теориялық және практикалық оқу сағаттары бойынша өзгерістер енгізілді, арнаулы киім мен жеке қорғаныс заттары сатып алынды. Студенттердің бәріне тәжірибелі тәлімгерлер бекітілді.
2022 жылдан бері дуальды оқыту жобасына «Торайғыров университет» 6В07108 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6В07204 «Мұнай-газ ісі», 6В07102 «Машина құрастыру», 6B07106 «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша қатысады. «Бірлескен қызмет туралы» келісімшарт аясында 2024 жылы «Торайғыров университет» КАҚ, «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК, «С. Торайғыров атындағы ОЖМ» (№28) КММ-мен кәсіпорында кафедра филиалын құру туралы» төртжақты Меморандумға қол қойылды. Бұл жоба оқу процесін шынайы өндіріске барынша жақындату, ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, білім алушыларды тарта отырып бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ПОҚ және ұйым жұмысшыларының біліктілігін арттыру негізінде жоғары білімді мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС мамандары өңірдің жетекші ЖОО және колледждері түлектерінің диплом жобаларын қорғау бойынша мемлекеттік комиссияларына қатысады.

Оқу орындарына демеушілік көмек

Әріптестік құрған жылдар ішінде «Компания Нефтехим LTD» ЖШС оқу орындарына полипропиленді қайта өңдеу бойынша оқу зертханаларын құру үшін демеушілік көмек көрсетті.

Білім алушыларға арналған экскурсиялар

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС колледждің 1-2 курс студенттеріне және компанияның қамқорлығындағы мектептің оқушыларына таңдаған мамандығы бойынша алған жалпы теориялық білімін бекіту, сондай-ақ кәсіпорынмен таныстыру мақсатында жыл сайын экскурсиялар өткізеді.