КОМПАНИЯДАҒЫ МАНСАП

ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС жұмыскерлері – ең құнды актив. Кәсіпорында жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтитын персоналды дамыту бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаны іске асыру үшін заманауи мультимедиялық оқыту құралдарымен жабдықталған Оқу орталығы іске қосылды.
Компанияда қабылданған жұмыскерлерді бейімдеу мақсатында еңбек ұжымына кіру процесін жеңілдететін, қарым-қатынастың белгіленген нормаларын қабылдайтын, кәсіби білім мен дағдылар жүйесін игеруге көмектесетін бейімдеу бағдарламасы әзірленді. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС Оқу орталығы әлеуметтік әріптестік жобаларын іске асыруға белсенді қатысады.

БОС ОРЫНДАР

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС химиялық өнім шығару үшін жаңа технологияларды енгізе отырып, белсенді дамып келеді.
Компания персоналы 2009 жылы 349 қызметкерден бастап 2023 жылы 1092 қызметкерге дейін өсті.
Компания даярланған мамандарды тартуға мүдделі және осы бағытта мақсатты жұмыс жүргізуде.
Ашық бос орындар мәселесі бойынша Кадрлар бөліміне хабарласыңыз, не болмаса чат-ботты қолдана аласыз (беттің төменгі оң жағында):
(7182) 61-10-88 ішкі 0301
e.osyntseva@nephtechim.kz