Жаңалықтар

«Павлодар - жұмысшы мамандықтар аймағы» көрмесі

12 тамызда қалалық жағалауда Халықаралық жастар күніне еліміздің түкпір-түкпірінен жас белсенділерді біріктірген «Жастар болашағы - жарқын Қазақстан» республикалық жастар форумы аясында «Павлодар - жұмысшы мамандықтар аймағы» көрмесі өтті. Жұмысшы мамандықтары жылының құрметіне ондаған ірі өндірушілер өңірдің өнеркәсібін көрсетті. Біздің «Компания Нефтехим LTD» ЖШС кәсіпорны көрмеге белсенді қатысты.
Стендте қарсы алған жас қызметкердің мансаптық өсуіне қызығушылық танытқан, Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановтың сүйемелдеуімен көрмеге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев келді. Казезов Данияр «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-не Полипропилен өндіру қондырғысына технологиялық қондырғылардың операторы болып 2018 жылдың сәуірінде жұмысқа тұрды, ал 2022 жылдың маусымында ол Технология жөніндегі полипропилен өндіру қондырғысы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Форум соңында Ertis Promenade жағалауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнеүндеуін ашқан «Жастар FEST» өтті. Онда президент форумға қатысушыларды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, білім алу мүмкіндіктері мен квоталар, жас отбасылар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, сондай-ақ болашақ мемлекеттік басқарушылар үшін қалыптастырылған президенттік кадрлық резерв туралы еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев: "Бүгінде сіздерде өзін-өзі таныту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Біздің Отанымыздың тағдыры сіздердің идеяларыңызға, білімдеріңізге, күш-қуатыңызға, мақсатқа талпынушылығыңызға және патриотизміңізге байланысты" екенін атап өтті.
Біз жас мамандарды өз командамызға қосылуға, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-мен бірге мансап құруға шақырамыз, онда әркімнің өз таланттарын іске асыруға және Қазақстан өнеркәсібі мен экономикасының дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар!