«Компания Нефтехим LTD» ЖШС компаниясына Торайғыров университеті 7М07159 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өту аясында сыртқы сарапшылар комиссиясы келді. Сарапшылар арасында «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ҰАҚ (Астана қаласы) және Шәкәрім университеті (Семей қаласы) өкілдері болып, олар оқушылардың практикалық базасына бағалады. Білім алушылар кәсіпорында жұмыс істеп, өз білімдерін шынайы өндірістік жағдайларда қолдануда.

Кәсіпорынға келу барысында кадр дайындау сапасын арттыру үшін тығыз әріптестіктің қажет екеніне маңыз берілді.
Айта кету керек, 2024 жылдан бастап «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жұмысшылары Торағйыров университетінің магистратурасына емтихан тапсырусыз түсу бойынша бірегей мүмкіндікке ие болды. Бұл үшін кәсіпорында өз мамандығы бойынша 10 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе басшылық лауазымдардағы жұмысшылар үшін ең кемі 5 жыл жұмыс өтілі қажет