«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы Павлодар облысында жүзеге асып жатыр. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша аудандар мен кәсіпорындарда азаматтарды көшпелі қабылдау өткізілуде.
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС аумағында мұндай қабылдау 17 қыркүйек, сейсенбі күні болды. Оған Павлодар қаласы әкімі аппаратының, қалалық мәслихаттың өкілдері және әлеуметтік, тұрғын үй, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту, спорт, қала құрылысы, транспорт, жолдар, білім беру және өзге де салаларға жауапты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің 20-дан астам жұмысшысы қатысты.
Көшпелі жиынға қатысқан «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің 30 қызметкері ТКШ, үйішілік аумақтар, денсаулық сақтау мен білім беру салаларына қатысты сұрақтарына жауап алды. Айта кетейік, бұл – зауытта ұйымдастырылған бірінші көшпелі қабылдау, дегенмен мемлекеттік органдармен мұндай форматта кездесуді мұнай-химия компаниясының қызметкерлері жоғары бағалады.