Жаңалықтар

Тиiмдi басшы

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС қызметкерлері 23-26 қыркүйек аралығында «Көкжиек» жеке және бизнес психология орталығында оқудан өтті. Бұл орталық 17 жылдан бері қысқамерзімді оқу нарығында көшбасшы болып табылады. «Тиімді басшы» тренингінің бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады және негізгі басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Тренинг аясында қатысушылар басқарушылық қызметтің негізі мен ерекшеліктері туралы анық түсінік қалыптастырды; «Көшбасшы» және «Басқарушы» рөлдерін тиімді орындау дағдыларын дамытты;басқарушылық шешімдерді қабылдауды және жүзеге асыруды үйренді.