Жаңалықтар

Серіктестерге арналған экскурсия

Мерейтойлық шаралар аясында серіктестер мен тапсырыс берушілер «Компания Нефтехим LTD» ЖШС зауытында болды. Делегация зауыттың технологиялық процестерімен танысу мақсатында барлық өндірістік алаңдарды аралады. Зауыт жұмысшылары кәсіпорынның тарихы, енгізіліп жатқан жаңа өнім түрлері, әрбір өнімді жаңғырту және шығару жұмыстары жайында кеңінен әңгімеледі.

Экскурсия соңында қонақтар зауыттағы еңбек пен қауіпсіздікті ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, зауыт ұжымына алғаусыз еңбегі, ал кәсіпорын басшылығына көп жылғы әріптестік үшін алғыс білдірді