Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – біздің негізгі, Ата заңымыз. Ол – елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын үстем ететін құжат. Сондай-ақ, біздің қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың да берік негізі болып табылады.
Сіздерге бақыт, денсаулық, ынтымақ пен жақсылық тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп дами берсін!