Жаңалықтар

Экологияға қосқан «жасыл» үлес

Жақында біздің қызметкерлеріміз кәсіпорынның айналасындағы санитарлық-қорғау аймағында шағын жапырақты қарағаштың 150 көшетін екті. Бұл – экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаға ықпалды азайтуға бағытталған қадам.
Жасыл желек температуралық режимді реттеуге көмектеседі, жел мен шудан қорғайды, сондай-ақ ауаның шаңдануы мен газдануын айтарлықтай азайтады. Одан бөлек, ағаштар фитонцидтерді бөледі, ылғалдылықты арттырып, жақын маңдағы аудан тұрғындары үшін әлдеқайда таза әрі жайлы атмосфераны қалыптастырады.

Табиғатты аялау – біздің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесіміз.
2024-10-28 14:27