Жаңалықтар

Әкем, шешем және мен – біз спортсүйер отбасымыз!

Ептілік, шыдамдылық және командалық рух – өткен сенбіде өткен біздің «Көңілді старт» ойынымызды дәл осылай сипаттауға болады! Спорттық жарыстарға зауыт қызметкерлері мен олардың балалары 5-7 жас, 8-10 жас және 11-14 жас санаттары бойынша қатысты. «Бала + ата-ана» форматындағы сайыста спортшылар кедергілер арқылы жүгіріп, арқан тартысты, баскетбол мен волейбол ойнады. Бәрі де көңілді өтті.

Жарысқа қатысушылардан бөлек, мерекелік бағдарламаға арнайы шақырылған аниматорлар да көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. «Көңілді старттан» кейін балалардың бәрі тәтті сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар алды. Бұл жарыста назардан ешкім де тыс қалмады, өйткені, біздің жарыстарда Достық жеңіске жетті!