Жаңалықтар

Өндіріс озаттарын марапаттау

Кәсіпорында «АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» жобасының аясында «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жұмысшыларының облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және өңірлік мәслихаттар депутаттарымен кездесуі өтті.
Шара барысында Мемлекет басшысының Жолдауы және алдағы Жұмысшы мамандықтар жылы талқыланды. Кездесуде түрлі ұлт өкілдері болып табылатын үздік қызметкерлер – өндіріс озаттары марапатталып, оларға еңбектегі жетістіктері үшін Алғыс хаттар табысталды. Бұл – олардың ортақ іске қосқан үлесі мен кәсібилігін растаудың белгісі іспеттес.
2024-10-16 13:52