2024 жылғы 21 қарашада Павлодар облысы бойынша аймақтық кәсіподақтар ұйымы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» Павлодар облысы филиалы, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» Павлодар облысы филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Жалпы құқықтық білім» акциясы және Павлодар облысы бойынша аймақтық кәсіподақтар ұйымының «Мобильді кеңес беру пункті» акциясы аясында қолданыстағы еңбек және әлеуметтік заңнамаларды түсіндіру үшін «Компания Нефтехим LTD» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кездесуде келесі тақырыптар талқыланды:
• Зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін кәсіби төлемақыны рәсімдеу ережелері;
• Арнайы әлеуметтік төлемақы алу құқығы қалай жүзеге асырылады;
• Азаматтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен, оның ішінде жұмыстан айырылу, жүктілік және бала босану, еңбек қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша төлемақы алу құқықтары туралы;
• Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын өндіру туралы талап-арыздар бойынша сот тәжірибесіндегі жағдайлар туралы.
Спикерлер баяндамасының қорытындысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндірмелер алды.