Жаңалықтар

Еңбек заңнамасының мәселелері бойынша жиналыс

2024 жылғы 27 қарашада «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жұмысшылары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен Павлодар қаласы прокуратурасы бірлесіп өткізген ақпараттық-түсіндірме шарасына қатысты.

Прокурор Олжас Шалабаев еңбек заңнамасының өзекті проблемалары, өндірістегі қауіпсіздік мәселелері және жарақаттану тәуекелін төмендету бойынша тиімді шараларды енгізудің маңызы туралы айтты. Өз кезегінде мемлекеттік инспектор Қанат Арқалықов еңбек заңнамасының мәселелерін айта келе, мемлекеттік еңбек инспекторлары биылғы 10 айда 903 хабарламаны қарастырғанын атап өтті. Оның ішінде 33-і еңбекті қорғау мәселелерімен байланысты болған.

Спикердің екеуі де жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара қызмет мәселелеріне ерекше назар аударды.

Шара «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жұмысшыларына еңбек заңнамасының барлық маңызды мәселелері бойынша түсіндірме мен кеңестер алуға мүмкіндік берді.
2024-11-27 11:32