Жаңалықтар

Қаржылай көмек

ТОО «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-де технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь болып 7 жылдаан астам жұмыс істеп келе жатқан Асылбеков Берік Кабиденұлының отбасына қаржылай көмек көрсетті.

Қызы Қабидола Айсараға G80 – спастикалық церебральды сал ауруы, квадриплегия, спастикалық тетрапарез (туған күні: 30.10.2010 ж.) диагнозы қойылды. Бұл ауру үнемі назар мен күтімді қажет етеді, сонымен қатар баланың күнделікті өмірін жеңілдететін арнайы жабдықты қажет етеді.
Осыған байланысты Айсараға ыңғайлы қозғалуға мүмкіндік беретін көп функциялы мүгедектер арбасын сатып алу қажеттілігі туындады. Арба Астанадағы «DOS Ortopedia» мамандандырылған дүкенінен сатып алынды.

Бұл қолдау Асылбековтер отбасына қиын жолда көмектесіп, Айсараның өмірін жайлы етеді деп сенеміз. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қиын сәттерде өз қызметкерлерімен жақын болуға тырысады, өйткені өзара көмек пен жақындарымызға қамқорлық – біз бөлісетін маңызды құндылықтар.