Жаңалықтар

«Отбасы Банк» АҚ-ның «Наурыз жұмыскер» бағдарламасының презентациясы

«Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 744 жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды.
17 наурыздан бастап өндірістік өнеркәсіптерде жұмыс істейтін мамандарды қолдауға және олардың баспана алуына қолжетімді жағдай жасауға бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы басталады.
«Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкерлері Компания жұмыскерлеріне «Наурыз жұмыскер» бағдарламасының презентациясын өткізді. Бағдарлама аясында осы ипотекалық бағдарламаға қатысудың шарттары, артықшылықтары мен мүмкіндіктері ұсынылып, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

Бұл бағдарлама біздің ұйым жұмыскерлерінің әлеуметтік қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз.