Жаңалықтар

Дуалды білім беруді дамытамыз

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС және Павлодар химия-механикалық колледжін ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас байланыстырады. Бұл әріптестік дуалды білім беруді дамытуға бағытталған.

Әріптестік аясында 18 қазанда Скрипник А. Ю. – персоналды басқару жөніндегі директор, Даутов Р. С. – өндірістік бақылау бөлімінің басшысы, Қожанова Р. Р. – оқу орталығының басшысы, Әлмағамбетова А. А. – кадр даярлау жөніндегі инженер, Першина Н. К. – жарнама жөніндегі маман колледжге жұмыс барысымен барды.

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС делегациясы зертханалар мен шеберханаларда болып, колледждің материалдық-техникалық безусыми және алдағы уақытта арналған даму стратегиясымен танысты. Сондай-ақ, біздің әріптестер студенттермен әңгімелесті.

Серіктестерімізге пайдалы кездесу мен дуалды білім беруді дамытудағы әріптестік үшін алғыс айтамыз!
2024-10-23 13:52